Солтүстікте дәрханалар тексерілуде

64

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанында құрылған жұмыс тобының кезекті тексеріс шаралары жалғасуда.

СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агентігі Департаменті жанындағы жұмыс тобының мүшелері, «ЖАҢАРУ» РҚБі СҚО филиалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталығы, «Қызылжар адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп, Петропавл қаласының бірқатар дәріханаларына барып, дәрі-дәрмектің, медициналық бет перделердің бағасына мониторинг жүргізу бойынша кезекті тексеріс шараларын жүргізді.
Тексеріс нәтижесі бойынша кейбір дәріханаларда дене қызуын түсіретін парацетамол, вирусқа қарсы ингавирин секілді сұранысқа ие дәрілердің болмай жататыны байқалды.


Сонымен қатар бір дәріханада дәрі бағасын негізсіз көтеру (20 теңгеге) фактісі анықталды. Ол бойынша бірден «ескерту» жасалып, тиісті шара алынды.
Қалған дәріханаларда алыпсатарлық секілді заң бұзушылықтар байқалмады.
Өткен тексеріс нәтижелерін салыстыра келе, болып отырған заң бұзушылықтар саны әлдеқайда төмендеген, оң нәтижесін айтуға болады.

Кестеге сәйкес, жұмыс тобының тексеріс шаралары жалғасуда деп хабарлайды

Нұрсұлтан Бұхаров,
«ЖАҢАРУ» РҚБ СҚО филиалы директорының орынбасары.