Собрание филиала Западно-Казахстанской области

643

ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

Құрметті Малик Иманқұлұлы!

Құрметті «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының мүшелері!

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығында «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Бұл орайда мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институтары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайтын, Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатын бағдарламаны және Президент Жолдауын іске асыру бәріміздің міндетіміз.

«Жаңару» Қоғамдық Бірлестігі облыстық филиалының мәжілісіне

Батыс Қазақстан облыстық маслихат хатшысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлы, Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы қала және аудандық бөлімше басшылары:

Сертеков Нуржан Орынгалиевич Орал қалалық «Жаңару» бөлімше басшысы, Құрманғазы атындағы музыкалық колледждің директоры;

  1. Сиражев Салимгерей Калимеденович Ақжайық аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, аудандық мәслихат хатшысы;

2.Куликешев Әділхан Әпиұлы Бөрлі ауданық «Жаңару» бөлімше басшысы, аудандық маслихат хатшысы;

3.Жардемалиев Серик Жусипбекович Жаңақала аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, колледж директоры;

4.Кадимов Тахир Зинурович Жәнібек аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Жәнібек аудандық маслихат хатшысы;

5.Газизов Еркин Газизович Казталов аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Казталов аудандық маслихат хатшысы;

6.Волкогон Галина Степановна Шынғырлау аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Шынғырлау аудандық маслихат хатшысы;

7.Тасмағамбетов Бактығұл Жумажанович Тасқала аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Тасқала аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы;

8.Нургалиев Альжан Жаксыгереевич Теректі аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Теректі аудандық маслихат хатшысы;

9.Исмагулов Рамазан Тастаевич Зеленов аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, аудандық маслихат хатшысы;

10.Суйеубалиев Кадыржан Орынбасарович Қаратөбе аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Қаратөбе аудандық маслихат хатшысы ;

11.Танатов Ерболат Кабденович Бөкей ордасы аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, Бөкей ордасы ауданық маслихат хатшысы ;

12.Дуйсенгалиева Шынар Сайлауовна Сырым аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, аудандық маслихат хатшысы қатшысы қатысып отыр.

Еліміз үшін маңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бірлестікке аудандық маслихат хатшыларының бөлімше басшылары болуына облыстық маслихат хатшысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлына алғысымды білдіремін.

Сонымен бірге «Нарын қозғалысы» Қоғамдық бірлестігі мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, КазИИТУ ғылыми білім кешені ректораты, профессорлық оқытушылар құрамы, студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

Мәжілістің регламенті:

негізгі баяндамашыға 20 минут,

хабарламашыларға 5-минут,

ұсыныс, пікір айтушыларға 3 –минут ұсыналады.

Басқа ұсыныс бола ма?

Қарсы. Қалыс. Жоқ.

Регламент бекітілді

МӘЖІЛІСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ

ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҰСЫНЫЛАДЫ:

1.Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2016 жылдық есебі туралы – баяндамашы А.С.Әйтімов

2.Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігінің мақсат, міндеттері және заңдылықты сақтау туралы – хабарламашы А.К.Карибаева

  1. Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2017 жылға жұмыс жоспарын бекіту.
  2. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігінің Зеленов ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы – хабарламашы Зеленов аудандық «Жаңару» бөлімше басшысы, аудандық маслихат хатшысы Исмагулов Рамазан Тастаевич.
  3. Республикалық «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының мүшелерін мүшелік жарналардың уақтылы және толық жиналуының барысы туралы – хабарламашы Қайырғалиева Ақбике.

Күн тәртібіне басқа ұсыныс бола ма?

Қарсы. Қалыс. Жоқ. Күн тәртібі бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға көшеміз:

  1. Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы 2016 жылдық есебі туралы баяндама жасау үшін сөз облыстық филиалдың директоры Әйтімов Ақсерік Сарыұлына беріледі.

Баяндама бойынша сұрақ бола ма? Жоқ. Келесі:

  1. Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігінің мақсат, міндеттері және заңдылықты сақтау туралы «Жаңару» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Карибаева Альфия Кайыршаевнаға сөз беріледі.

Хабарлама бойынша сұрақ бола ма? Жоқ. Келесі:

  1. Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы 2017 жылдың жұмыс жоспарының жобасы Сіздерге жазбалай ұсынылды.

Жоспар бойынша ұсыныс сұрақ, қосымша бола ма? Жоқ.

  1. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігінің Зеленов ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасау үшін «Жаңару» бөлімше басшысы, Зеленов аудандық маслихат хатшысы Исмагулов Рамазан Тастаевич.
  2. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» мүшелерінің жылдық мүшелік жарна төлеу туралы. Ақбике Қайырғалиеваға сөз беріледі.

Күн тәртібі бойынша сөйлеймін, пікір айтамын деген мүшелері бар ма?

«Жаңару» мәжілісі бойынша басқа ұсыныс пікір бола ма? Жоқ.

Онда Мәжілістің тиісті шешімін қабылдауымыз керек.

Ақсерік Сариевич:

1 мәселе баяндама, 2-4-5 мәселелер бойынша хабарламалар қатерге алынсын — деген ұсыныс бар.

Басқа ұсыныс бола ма? Жоқ. Қабылданды.

3-Мәселе бойынша «Жаңару» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы 2017 жылдың жұмыс жоспары Сіздерге жазбалай ұсынылды.

Жұмыс жоспары бойынша басқа ұсыныс пікір бола ма? Жоқ.

Онда сөйлеушілер айтылған ұсыныс, пікірлерлерді ескеріп, Республикалық «Жаңару» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2017 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

Мәжіліс шешіміне қосатын ұсыныс, пікір бар ма? Жоқ.

Мәжіліс шешімі толықтай

қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып болғандықтан Мәжілісті жабық деп жариялаймын.

Мәжіліске қатысқандарыңызға рахмет!

Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы А.Әйтімовтың сөзі:

Құрметті әріптестер, жиынға қатысушылар!

Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы О.Әбдікәрімов алғашқы өткізген жиында: «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жемқорлыққа қарсы саясатын алға ілгерілетіп, жүзеге асыру үшін қоғамның, билік пен бизнестің бірлескен әрекеттерін кеңейту, жандандыру және тиімділігін арттыру болып табылады.» – деген болатын. Осы мақсатты орындауда Қоғамдық Бірлестіктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы болып мені бекіткен 2014 жылдың қаңтар айынан жоспарлы жұмыстарымызды жүйелі атқарып келеміз. Осы кезеңде барлық аудан және Орал қаласында филиалдың бөлімшелері ашылып, жұмысқа кірісті. Жұмыс жоспары бекітілді. Осы бағытта конференция, дөңгелек үстел, флеш моб, мекемелермен бірлескен іс шаралар оздырылды. Атап айтқанда КазИИТУ жанындағы Мемлекеттік қызмет және жұмысқа орналастыру институты тыңдаушыларымен «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі» тақырыбында дөңгелек үстел, 2016-жылдың қыркүйек айында Батыс-Қазақстан облысы бойынша «Азаматтық Альянс ассоциациясы» және «Жаңару» қоғамдық бірлестігі облыстық Филиалымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекетік мүлікті басқару тиімділігін жүзеге асыру негіздерінің бірі» тақырыбында конференция, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлескен іс шаралар жоғары деңгейде өтті.

«Жаңару» қоғамдық бірлестігінің жеке қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде үлкен қадам болып табылады. Атап айтқанда, Орал қаласында жеке адамдарды қабылдау жұмыстары тиімді жүргізілді.

Осы жұмыстардың айқын мысалының бірі «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің филиалына көп балалы ана Л.Есетова балаларының ержетуіне байланысты 24 жыл жеңілдікпен тұрғын үй кезегінен алып тасталғаны жөнінде шағым айтып келген еді. Өз кезегінде «Жаңару» филиалы шағымды Орал қаласының әкіміне және қаланың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолдады. Орал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл жағдайды жан-жақты тексеріп, отбасы мүшелерінің барлық құжаттары жинақталып, тұрғын үй комиссиясында қаралып, жеңілдікпен тұрғын үй алатын адамдардың кезегіне қайтадан тіркелген болатын.

Жыл соңында Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Зачаганск кентінде қолданысқа берілген тұрғын үйлерге барлық жаңа қонысқа ие болғандарды құттықтап, кезегіне қайтадан тіркелген көпбалалы ана Л.Есетовада үш бөлмелі үйге ие болды.

Бұл жұмыстарды жүргізуде біз Облыстық «Жаңару» қоғамдық бірлестігі филиалы директорының орынбасары, беделді заңгер Карибаева Альфия Кайыршаевнаға зор алғысысымды айтқым келеді.

2016-жылдың 9-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Министрлік жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсылық бойынша қабылданатын шаралар туралы» селекторлық кеңесте Астана қаласының базарлар жұмысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар туралы фактілер айтылды. Осы кеңесте берілген тапсырманы орындау мақсатында, аумақтардың базарларының жұмысын тексеруді жоспарлады. Осыған байланысты, тексеріс бойынша жұмыс тобы құрылып оған біздің филиалдың өкілдері А.Қ.Карибаеваның және Б.А.Атауовтың кандидатуралары енгізілді.

«Жаңару» қоғамдық бірлестігі аудандық бөлімшелерінде 2017 жылы 12 ауданның 10 ауданында аудандық Маслихат хатшысы төраға болып бекітілді. Бұл орайда аудандық маслихат хатшыларының Елбасы тапсырмасын орындауда «Жаңару» қоғамдық бірлестігі аудандық бөлімше басшылары болуына облыстық маслихат хатшысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлының қолдауына тағы да алғысымды білдіремін.

Аудан әкімдеріне жазған ұсынба хаттарымызға сәйкес әріптестеріміз «Жаңару» мүшелерінің азаматтық қоғамның маңызды мәселелер бойынша пікір, мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеріп, жергілікті атқарушы органдардың өзін-өзі басқаруда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту мақсатында қала, ауданда құрылған Қоғамдық кеңестің төрағалары, мүшелері болып сайланды.

«ЖАҢАРУ» бірлестігі облыстық, қала, аудандық филиалдарынан Қоғамдық кеңеске мүше болуы біздің осы бағытта жұмыстарымыздың сапалы, кеңеспен бірлесе жұмыстануымызға жағдай жасады.

Өздеріңізге белгілі жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті. Онда Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған.

Өз кезегінде Парламент пен Үкіметтің рөлі артады. Елбасы өз сөзінде күрделі міндеттің бірі — билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету, – деген болатын.

Сол себепті мемлекет Конституциясының кейбір нормаларына енгізілетін өзгерістер турасында ұсыныстар жинақтау, талдап, таразылап Ата заңына өзгеріс енгізуді қажет етуде.

Бұл жағдайда депутаттардың да, Қоғамдық ұйымдардың да халық алдында беделі артып, қоғаммен байланысты қабылданатын шешімдердің жауапкершілігі арта түспек. Ал мемлекеттік қызметкерлердің білімді, мәдениетті, жан-жақты болуына тура келеді. Халыққа сапалы қызмет көрсету нәтижесінде кәсіби мемлекет қалыптасуына жағдай жасайды.

Құрметті әріптестер! Біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Бұл елімізді жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

Осы стратегиялық құжаттың бесінші басымдығында Елбасы «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Және «сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.» делінген бәрімізге арналып айтылға тапсырма екенін түсінуіміз керек.

Сондықтан «Жаңару» бірлестігі облыстық, қала, аудандық деңгейінде мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу жұмыстарын жоспарымызға енгізуіміз жөн. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, саяси сипатын жоғары деңгейге жеткізетін жаңа қадамға сәттілік тілеп, оны іске асыруда мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқарып, мықты мемлекет, жемқорлықсыз қоғам дамуына өз үлесімізді қосу біздің бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

Республикалық «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық Қоғамдық Бірлестіктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, қала, аудандармен бірлескен жұмыстарды жүйелі атқаратынымызға мен кәміл сенемін.

Тыңдағандарыңызға рақмет!