Жуырда Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux Shoes» ЖШС-і 403 000 000 теңгені және «KazBioLife» ЖШС-і 650 000 000 теңгені құрайтын инвестициялық жобаларын жемқорлытан қорғау туралы келісімге қол қойды.
Аталмыш келісім ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Іс-шара аясында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ олардың сенімін арттыру, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері сөз болды.
- Инвесторлар үшін жаңа бизнес идеяларын іске асыруға кедергі жасайтын мәселелер әлі де жоқ емес. Оның ішінде жемқорлық та бар. Осыған байланысты Агенттік жаңа жоба енгізді. Аталған жобаға қатысуға ниет білдірген инвесторлар Қазақстан аумағында аптаның кез-келген күні мен тәулігінде қорғалады, — деді департамент басшысы Әли Көмекбаев.
Өз кезегінде, жоғарыда аталған ЖШС директорлары мұндай жобалар жаңадан ашылған кәсіпорындарға өте қажеттігін айтып, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.
Менш.ақп.
Ақпарат көзі: Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының баспасөз қызметі