Шу аудандық ардагерлер кеңесі Үндеу қабылдады

23

Ағымдағы жылдың 22 тамызында Еркінбек Солтыбаев бастаған Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мүшелері Шу аудандық ардагерлер кеңесінің Пленумына қатысып олардың жұмысын облыстағы барлық ардагерлер ұйымдарына үлгі ретінде таратуды көздеп және облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың республикада алғашқы рет іске асырып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» атты пилоттық жобасы бастамасын облыста бірінші болып қолдап, ауылдарда жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын насихаттап, әрі өздері бас болып, үй аулаларындағы қосалқы шаруашылықтарына бау-бахша, мал ұстап өнеге көрсетуге шақырды.
Осы орайда, Шу ауданы ардагерлерінің атқарып жатқан жұмыстары нәтижелі, үлгі аларлықтай екенін көрсетті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлының баяндамасында айтылғандай, ардагерлердің жеке қосалқы шаруашылықтарының жай-күйі, өнім сапасы, күтілімі, мал өсірудің қыр сыры, өнім өндірудің қарапайым тиімді тәсілі Facebook арқылы таратылған бейне ролик-слайдтан көрініс тауып облыс тұрғындарының арасында қызығушылық танытуда. Пленумда шығып сөйлегендер өз тәжірибелерімен бөлісіп құнды ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, өз ойларымен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және аудан әкімі Жарылқасын Айтақов бөлісті. Іс-шара соңында аудан ардагерлер кеңесі облыс тұрғындарына арналған Үндеу қабылдады.
Жиынға барлық аудандардың, Тараз қаласының ардагерлер кеңестерінің Төрағалары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының басшысы, облыстық қоғамдық кеңестің, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев қатысты.

Қасымхан Төлендиев,

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ
Жамбыл облыстық филиалы директоры