Шпекбаев: «Біздің жақсырақ болуға деген талпынысымызды ешкім шектемейді»

131

Күнсайын азаматтық қоғаммен бірлесе жемқорлықтың алдын алумен, түсіндіру кездесулерін өткізумен, мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық жауапкершілікке тартумен айналыса отырып, біз үшін өз қатарымыздың таза болуы басты мәселе болып қала бермек.

Бүгінгі күні біздің ішкі қауіпсіздік басқармасы Агенттік және оның құрылымдары — Ұлттық бюро, Мемлекеттік басқару академиясы, Персоналды басқару ұлттық орталығының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық туралы кез келген ақпаратқа дер кезінде тиісті шаралар қабылдайды.

Келесі цифрлардан нәтижелерді көруге болады. Ұлттық бюро құрылған 2015 жылдан бастап жеке құрама расында бірде бір қылмыс анықталмаған болса, тек 2018 жылдың өзінде өз күшімізбен қылмыстық жауапкершілікке жеті қызметкер тартылды, оның бесеуі офицерлер.

Бұл жұмыста Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымына ұлттық қауіпсіздік органдарының тәжірибелі қызметкерін тағайындаумаңызды рөл атқарды, ол оның құрылымын оңтайландыра отырып, білікті маманнан құралған командасымен «ішкі сатқындарды» анықтауда.

Жаңа бастамаларды ұсына отырып, дәстүр бойынша біз өзгерістерді өзімізден бастаймыз. Сондықтан, біз бағынышты адамдар жасаған тек ғана қылмыстық істер үшін емес, өрескел тәртіптіктер іс-қылықтары үшін де басшылардың толық жауапкершілігі тәжірибесін енгіздік. Атқаратын лауазымынан босатуға дейін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органында бұл дерттің болуы ең қауіпті жүйелі тәуекелдердің бірі. Өйткені, бір ғана «погондағы арсыз» адал және сатылмайтын жүздеген қызметкердің күнделікті еңбегімен келетін азаматтардың сенімін бұзуға қабілетті.

Достар, егер Сіздер де біздің қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратболса, оны дереу менің alik.shpekbaev@gmail.com атты жеке поштама жолдауларыңызды сұраймын. Біз ішкі сыбайлас жемқорлықтың әрбір фактісін бұрынғысынша кеңінен жария етеміз. Ал ары таза емес әріптестерді басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстардан ерекшеленбейтін қылмыстық қудалау күтетін болады.

Алайда мен құқыққорғау және сот органдарының сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлері қатаң жазаға тартылуы қажет деп есептеймін, себебі оларға заңды мүлтіксіз сақтауды қорғау міндеті жүктелген.