Сенат комитеті ЕАЭО шартына Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа өзгерістер енгізуді талқылады

272
parlam.kz

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартпен қолданыстағы кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мерзімін 2018 жылғы 12 тамызға дейін деп айқындаған болатын.

Осы Хаттамада қолданыстағы кедендік әкелу баждарының сомаларын (Армения Республикасы – 1,220 %, Беларусь Республикасы – 4,560 %, Қазақстан Республикасы – 7,055 %, Қырғыз Республикасы – 1,900 %, Ресей Федерациясы – 85,265 %) бөлу нормативтерін 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделіп отыр. Заң жобасы Палата қарауына берілді.

Ақпарат көзі: parlam.kz