Семейдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес

650
oskementv.kz

Шығыс Қазақстан облысына «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» сыртқы сараптамасы және бағалау мониторингін жүзеге асыру шараларын бақылайтын арнайы топ келді, деп хабарлайды oskementv.kz.

Топ мемлекеттік мекемелердегі кемшіліктерді анықтап, түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуды көздейді.

Үш күн ішінде арнайы топ  өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын бақылады. Сонымен қатар  Семей қаласы мен Бесқарағай, Абай аудандарында азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын тексерді.

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Біз Семейдегі интернатта тәрбиеленетін балалардың ата-аналарымен тілдестік.  Олар интернаттың суықтығын айтады. Семей қаласының әкімі жылу изоляциясының қызметін  тексереміз деді. Белгіленген ереже бойынша  жылу жүйесіне байланысты талаптар орындалмай отыр».

Арнайы бақылау тобы бірқатар аудандарда шешімін табуы тиіс деген бірнеше мәселенің барын  анықтады. Ол мәселенің шешілу жолдарын қарастыру белсенділер  алдына қойылған басты мақсат.

СТАНИСЛАВ КАРИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Аудандардағы кейбір ғимараттар мемлекеттік қызмет көрсетуге сай емес. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына қатысты  мәселелер де көтерілді.  Мәселен, бір парақ анықтама қағазының тақтада жазылған құны 2500 теңге, ал, кей жерлерде ол 7000 теңге тұрады. Топ мүшелері барлық аудандар бойынша осы анықтама қағазының бағасын белгілеуге қатысты  ұсыным берді».

Арнайы бақылау тобы өз жұмысын одан әрі Өскемен қаласы мен Ұлан ауданындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерде жалғастырады.

Ақпарат көзі: oskementv.kz