Самға биікте, «қырандай күшті қанатты» — Жас Қыран ұйымы!

74

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жоба шеңберінде   Құлан агротехникалық жоғары колледжінде  «Жас Қыран» жастар қанаты ұйымы құрылып, оның жетекшісі болып Қалмаханбет Әлишер сайланды.
Оның құрылтай жиналысына Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының директоры Қасымхан Төлендиев пен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Жастар рухы» жас қанатының басшысы Уалихан Болатбек қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, «Жас қыран» жастар қанатына ақ жол тіледі.
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатын, жемқорлыққа қарсы құрылып жатқан «Жас қыран» жастар ұйымын қолдайтындарын, оның қатарына 50 белсенді қырағы жастардың кіргенін жеткізді.
Жиынға қатысқан 260 студенттің ішінде 22-сі  саналы ұрпақ еріктілер клубының мүшелері мен Жастар Парламентінің 16 белсенділері қатысты.
Көпшілікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған студенттердің флешмобы көрсетілді.
Жиналыс барысында – облыстың ең үздік колледжі атанған, Олжас Мұсақұлов басшылық ететін Құлан агротехникалық жоғары колледжі студенттерінің көздерінде оты,  сөздерінде жалыны бар алға ұмтылып, жарқын жұмыстарды жасайтын жастар құлшынысын көріп қуандық.
Осындайда  Мағжан Жұмабаевтың:

«Арыстандай айбатты,

 Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін! — деген жүрекжарды жалынды сөздері еске түседі.

Самғай бер, қалықтай бер адалдық пен әділдіктің биігінде «Жас Қыран»!

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі