Сіздерді 2023 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2022 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Біздің көпұлтты елімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, баянды бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз! Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!
Ізгі ниетпен, ”ЖАҢАРУ” РҚБ Орталық аппараты