ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алқасының 9 айдың қорытындысы бойынша жиыны басталды

60

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 9 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр. Аталмыш алқалы жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің аппарат жетекшісі Мэлс Семғалиев қатысуда.

Онда жоғарыда аталған ведомствоның есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы агенттік басшысы Алик Шпекбаев жиналғандарға кең көлемде баяндады. Сонымен қатар, жиын барысында қоғамдағы өзгеде өзекті мәселелер талқыланбақ.
Ерекше айта кетер, биылғы жастар жылына орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі 30 жаңа есім» жобасы жайында да нақты мәліметтер берілмек. Жаңадан қолға алынып отырған тың бастама қызметті енді ғана бастап жатқан жастарға зор мүнкіндік бермек.