«Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» туралы Қ. Төлендиевтің пікірі.

2148

Ата-заңымыз – Конституциямыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» делінген.

         Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың өміріне тікелей әсер ететін, әлеуметтік жағдайын жақсарта түсетін «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жария етті.

Бүгінгі таңда халықтың ең басты әлеуметтік мәселесі – ол баспана мәселесі десек қателеспейміз. Әр отбасының өз үйі – «өлең-төсегі» болуы қажет.

         «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасындағы «7-20-25» бағдарламасы аясында әрбір қазақстандыққа тиімді ипотекалық займ алуға мүмкіндік ашады. Тұрғын-үй немесе пәтер сатып алушыларға ипотекалық несие жылдық мөлшерлемесі 7 проценттен асырылмай 25 жылға  берілетін болады.

Екінші бастама«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтудың» да әлеуметтік маңызы зор. Жалақысы төмен адамдарға салынатын табыс салығының мөлшерін келесі жылдан бастап 10 проценттен 1 процентке дейін азайту 2 миллионнан астам адамның жағдайын жақсартпақ.

Елбасының бес басмамасының ішіндегі Үшінші бастамасы«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы ерекше атап өткім келеді. Өйткені өскелең ұрпақ – біздің болашағымыз, барлық реформаларды жүзеге асырушы күш.

«Сондықтан, «жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша, 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу (оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша) жоспарлануда»-деді Елбасы.

Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті болып отыр.

«Бұл міндетті шешу үшін ЖОО, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастау керек»-деп атап көрсетті Елбасы.

Ол бойынша 2022 жылдың соңына дейін суденттерге арнап, кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу тапсырмасы беріліп отыр.

Ал үстіміздегі жылдың 7 наурызында өткен облыстық актив жиынында өңір басшысы А.Мырзахметов біздің облыстағы ЖОО-да мемлекттік грантпен білім алатын 2618 студенттер санын 4000-ға, әріптестік грантпен және 30-100 пайыздық жеңілдіктермен оқитындар санын 3000-ға жеткізу қарастырылатындығын жеткізген болатын.

Міне, бұл «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада» сұранысқа ие болатын жаңа мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Технологиялық серпілісте еңбек рыногында инженерлер, ақпараттық технология, робот-техникасы, нанотехнология салаларында маман-кадрлар ерекше сұранысқа ие болады. Сол себептен мемлекет жастарға мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отыр.

«Шағын несие беруді көбейту» деп аталатын төртінші бастама бойынша Елбасы мемлекеттік органдар мен мекемелерге 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Яғни, шағын несие алатындардың саны балтырғыдан 2 есеге артып, 14 мың адамға жетпек. Бұл өзін өзі жұмыспен қамтыған халыққа, әсіресе ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс, кәсіптерін ашуға жасалып отырған үлкен мүмкіндік.

Бесінші бастама – «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»  бойынша Қызылорда облысындағы Қараөзектен Астанаға дейін магистральді газ құбырын салу жоспарлануда. Ол жоба 2,7 миллион адамды шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға, Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен елді мекендердің экологиясын жақсартуға оң әсерін тигізетіні анық.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында жарияланған Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы барша қазақстандықтарға айрықша тарту болды және елді береке-бірлікке, ынтымақ пен табысқа жетелейтін жаңғыру жолы дей келе, баршаңызды Президенттің бастамаларын қолдауға және жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамын.

Қасымхан Төлендиев, «ЖАҢАРУ»РҚБ

Жамбыл облысы бойынша филиалының

директоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.