Қостанайда өткен семинар

95

Бүгін Костанайда  «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» атты тақырыбында онлайн форматта семинар  болып өтті.

Аталмыш «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі іске асырып отырған жобаның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Халықтың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, халықты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуның барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету. Азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq alany» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру .

Жоба аясында өткізілген семинар  жұмысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстарды қабылданды.

Басқосуға Костанай облыстық әкімшілігі,мемлекеттік органдар өкілдері,жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студент топтары және ҮЕҰ мен ҰКП, «Әдеп» жобалық кеңсесі, аудандық, қалалық, облыстық маслихат депутаттары, NurOtan», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері, ҮЕҰ, ҰКП және БАҚ өкілдері мен жоба қызметкерлері қатысты.

Семинарға жоба менеджері Әлиев Кабдулла Хамитұлы модераторлық етіп, өткізіліп отырған жиының маңыздылығына тоқталды.

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жеқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі» төрағасының орынбасары, жоба жетекшісі Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы өзінің алғы сөзінде Қостанай облысында соңғы жылдары атқарлып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

Ал, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының директоры, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Жумабаев Дастан Жалбасбайұлы өз сөзінде филиалдың үстіміздегі жылы атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Рүстем Болат  қоғамдағы өзекті болып отырған жемқорлықпен күрес жолдарына кеңінен тоқталып, жан –жақты баяндап берді.

«ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы » ҚҚ төрағасы, Қостанай облысының ҮЕҰ Облыстық ресурстық орталығының басшысы Өтебаева Динара Қайырбекқызы ҮЕҰ сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы нақты тетіктерін атап өтті.

Жоба тренері, «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары,Қостанай аудандық мәслихатының депутаты Хазез Мешіт сыбайластық жилаған мемлекеттік мекемелердің осал тұстарына тоқтала отырып, ауылшаруашылығы саласындағы демеу қаржылардың бөлінуіндегі өзекті мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңы қатысушылардың еркін пікір алмасуы мен  сұрақ – жауаптарға жалғасты. Семинардың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстарды дайындалды.