Оралбай Әбдікәрімов: «Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлықтан еркін аймаққа айналуы тиіс»

224

Бұл жайлы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы алқалы кеңес отырысында сөз етті. Оралбай Әбдікәрімовтің айтуынша, жемқорлық мәселесі мемлекеттің басты бағыты және оны түбегейлі жоюға ел болып бірлесіп күш жұмылдыру нақты міндет.

 Cонымен қатар «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңесі мен елордалық актив мүшелері бас қосқан жиында аталмыш ұйымның өзге де өзекті мәселелері сөз болды. Іс-шараға қатысушылар алдында «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов біршама нақты проблемаларды көтеріп, жаңарулықтарды белсенді де нәтижелі жұмыс жасауға шақырды. Оның ұсыныстары жиынға қатысушылар тарапынан қолдау тапты және астанамыз Нұр-Сұлтан қаласын жемқорлықтан еркін алаң ету мақсаты жоспарлы түрде жүзеге асуы тиістігі қадап айтылды.

   Алқалы отырысқа жаңарулықтардан өзге Алматы ауданының әкімі А.Сарсенбаев, қалалық мемқазына басқармасының басшысы Е.Утебаев, татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Т.Каримов және басқа да мекеменің ресми өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Ұлту Жүзбай