Онлайн семинарға шақырамыз

60

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ-ы, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде онлайн-режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас семинарын өткізеді.

Аталмыш басқосуға белгілі қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, Мемлекеттік органдардың басшылары және, мәслихат депутаттары, ЖОО басшылары,Алматы қаласының ҮЕҰ-ң өкілдері, студент жастар қатысады.
Семинар онлайн форматта, 2021 жыл,15 сәуірде сағат 11:00-де
Нұр-Сұлтан қаласы, Ақбұлақ-2, шағын ауданы,45 үйде «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында өтеді.
Семинар бағдарламасы мен сілтеме қосымша жолданатын болады. Сіздерден семинарға қатысуға ынта білдірсеңіздер өтініштеріңізді 2021жылдың 14 сәуіріне дейін жолдаударыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: +7(7172)280212,+7 7011110699,+7 707 213 8090.