Онлайн форматта қоғамдық тыңдауға білім ордасының өкілдері де қатысты

110

«Үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен онлайн форматта қоғамдық тыңдау өтті.


Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары, ҮЕҰ мен ҰКП, «Әдеп» жобалық кеңсесі, қалалық облыстық маслихат депутаттары, «Nur Otan», ҚХП, «Ақ Жол», «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері қатысты.
Қоғамдық тыңдаудауға университет ректоры Б.Каримова қатысып, университетте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта қоғам болып бірге атқаратын жұмыстар бойынша ұсыныстар айтты.
Университетте 2020-2022 жылдарға арналған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды орындау, құқық бұзушылықты болдырмау, ішкі тәртіп ережелерін қадағалау, университеттегі білім беру қызметінің ережеге сай жүргізілуін қоғамдық бақылау мақсатында Қоғамдық комиссия құрылып, оқу жылы бойына жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, Студенттік заң клиникасы, «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебі, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында ашылған «Парасаттылық мектебі», жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» жобалық фронт-офисі бар.