Общественные слушания в Жамбылском областном филиале

569

2016 жылғы 20 қазанда өткен
«Қоғамдық тыңдау» туралы ақпарат

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 27 шілдеде бекіткен бірлескен іс- әрекет жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 қазан күні «ЖАҢАРУ» филиалының Қоғамдық Сенім Орталығында «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді субсидиялау және қаржылай несиелеу бойынша уәкілетті орган мен ұйымдардың қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі мәселелері туралы» «Қоғамдық тыңдау» өткізілді.
Оған мүдделі ауыл шаруашылығы құрылымдарының, кооператив-шаруа қожалықтардың жетекшілері, ауыл тұрғындары, «Нұр Отан», «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиялардың, ақпарат құралдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қатысты.
«Қоғамдық тыңдауды» «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес РҚБ филиалының басшысы Төлендиев Қ.Е. кіріспе сөзбен ашып жүргізіп отырды. Сонымен қатар, қатысушыларды іс шараның бағдарламасымен таныстырып облыстың ауыл шаруашылығы саласын қаржылай қолдау және ауылдықтарға қызмет көрсету мәселесін жақсарту бойынша сын-ескертпелерді, нақты ұсыныстарды ашық айтуға, пікір алмасуға шақырды.
Жиналғандардың алдында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан Даниярбекұлы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Оразымбетов Өксікбай Халықұлы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы директорының орынбасары Байшов Еркебұлан Оразбайұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы директорының орынбасары Садықов Нұржан Қайыржанұлы есепті баяндамаларын жасап, қойылған сұрақтарға жауап-түсіндірме берді.
Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібіне қойылған мәселе қызу талқыға түсті, және ауылдықтар үшін бүгінде өткір көкейкесті мәселе екенін көрсетті. Аталған шарада Қазақстан Республикасы Фермерлер одағы облыстық филиалының төрағасы, белгілі кәсіпкер Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сейсебаев Аспандияр Мұраталыұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жұмабеков Ержан Карсенбайұлы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құрбанов Аманәлі Омарұлы, сол ауданның Қаратөбе ауылдық округіндегі «Аманкелді» өндірістік кооперативінің басшысы, аудандық фермерлер одағының төрағасы Қанаев Қасымхан Тоқтасынұлы, Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Куниязов Рахымғазы, сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов ауданынан келген шаруалар өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Жиналысқа облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің бас инспекторы Оразбеков Аслан Ұланұлы қатысты.
Байзақ ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлерінің пікірлері бойынша мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялау (ет, сүт, жұмыртқа, қымыз, шұбат) ережесінде өндірілетін өнім белгіленген көлемнен кем болмау керек деп көрсетілгендіктен майда ұсақ шаруа қожалықтар ол субсидиядан айырылуда. Сол сияқты, «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жайлымдарды суландыру», «Ырыс» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша несие алу кезінде көптеген кедергілер мен қиыншылықтар туындауда.
Жиі кездесетін кедергілердің қатарында – кепілдікке қойылатын қиын талаптар және жиналатын құжаттардың көптілігі. Ауылдағы үйлер мен құрылыс нысандарды, ескі көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларды кепілдікке алмайды, оларды бағалау кезінде бағаларын бірнеше есеге дейін кемітеді. Несие берушілер кепілдікке қойылатын мүліктің қалада болғанын, көліктердің жаңа болғанын қалайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бойынша қойылатын талаптары да қатаң және көп болуына байланысты ол субсидияны су пайдаланушылар ала алмауда. Ереже бойынша су пайдаланушылардың теңгеріміндегі су нысандары міндетті түрде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-да тіркеліп жыл сайын аттестациядан өту керек, ол көп қаражатты қажет етеді.
Осы Ережені жеңілдетіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бет бұрыс жасау қажет деп санаймыз.

Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құрбанов Аманәлі Омарұлының пікірінше мал шаруашылығындағы бағдарлама бойынша несие қаражаты несие үстемесін субсидиялауға бөлінген қаражатқа қарай бөліну керек. Себебі, несие үстемесі субсидияланады деп алдын-ала уәде беріледі, осыны алдын-ала есептеп шаруашылықтар несие алады да несие үстемесі 1,5-2,0 жылға жуық субсидияланбаған соң несиені мерзімінде қайтара алмай алған малын қайта сатып өтеуге мәжбүр болуда.
Жуалы ауданының ауыл саласындағы өзекті мәселелері:

  • Егін шаруашылығы. Элиталы тұқым бағасы қымбат, әр тоннасы
    80-90 мың теңге. Бұрын алынған тұқымның 40% (19 000 тг көлемінде) субсидия ретінде қайтарып беретін, ал биылғы жылы бұл сома алынған элиталы тұқымның әр тоннасына 1 156 теңгені ғана құрап отыр. Осы элиталы тұқымға төленетін субсидия көлемін көбейтіп берсе.
  • Мемлекеттік бағдарламалар. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша құжаттар жинақтап, комиссияға өткізілгеннен кейін құжаттарды қарау уақыты бірнеше айларға созылып кетеді. Комиссия құжаттарды қайта-қайта қарайды.
  • Несие. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары екінші деңгейлі банктер немесе басқа да қаржы институттары арқылы берілетін несиелерді алуға толық мүмкіндіктері бола бермейді. Ал «Жұмыспен қамту орталықтары» арқылы берілетін 3 млн. теңгеге дейінгі несие өте тиімді болып тұр және алу жолдары да оңайлау. Бұл қаржы ауыл тұрғындарына мал басын және мал өнімдерін көбейтуге пайдасы зор, сондықтан да жыл сайын бөлінетін несие көлемін арттыру қажет.
  • Лизинг жүйесімен немесе өз қаржысына ауыл шаруашылығы техникаларының қандайын (комбайн, трактор, тұқым сепкіш, культиватор, химиялық бүріккіш т.б.) алса да 50%-ын субсидияласа үлкен көмек болар еді. Шаруаларға қиындық туындатып отырған тағы да бір мәселе – бұрынғы 14%-дық үстеме қазір 19%-ға көтеріліп кетті.
    Алдағы уақытта жоғарғы деңгейде жан-жақты зерделеп, терең талқылап тек қана ауыл шаруашылығына қаржылық қызмет көрсететін Мемлекеттік Ауыл шаруашылығы Банкін ашу қажет деп есептейміз.

Тұрар Рысқұлов ауданының шаруалары да жоғарыда айтылған ұсыныс-пікірлерге толықтай қосылатындықтарын атап өтті.

Сондай-ақ, «Қоғамдық тыңдау» қорытындысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының ұсыныстарын да келтіреміз:

Согласно действующих правил субсидирования ставок вознаграждения приоритетные виды деятельности субсидируются в первую очередь, соответственно, заявки на субсидирование, виды деятельности которых не включены в приоритетные, рассматриваются после полного удовлетворения потребностей по приоритетным видам деятельности в сфере АПК. Исходя из этого, основная масса фермеров получивших кредиты по программам «Сыбага», «Кулан», через систему кредитных товариществ на приобретение беспородного маточного поголовья скота, не войдут в число приоритетных заявок по возмещению ставки вознаграждения, соответственно, этим фермерам субсидии будут выплачены только после удовлетворения потребностей по приоритетным видам деятельности (племенное мясное и молочное скотоводство, переработка). Получается что программа «Сыбага», «Кулан» являющиеся направлениями поддержки фермеров в рамках программы «Агробизнес-2020» не вошли в число приоритетных видов деятельности по субсидированию ставок вознаграждения. Участникам указанных программ кредитования придется ожидать своей последней очереди в выплате субсидий на возмещение ставки вознаграждения.

В связи с этим:

  1. Предлагается пересмотреть приоритетность выплаты субсидий по возмещению ставки вознаграждения, с учетом интересов основной массы мелких и средних фермеров получивших кредиты от финансовых институтов по поддержке отраслей АПК
  2. При выделении средств из бюджета на программу субсидирования ставок вознаграждения предлагается учитывать предполагаемые объемы финансирования на будущий финансовый год, путем получения соответствующих заявок от финансовых институтов по поддержке АПК, в целях исключения возникновения дефицита средств на выплату по возмещению ставок вознаграждения.

Жамбылский областной филиал РОО «Общенациональное движение против коррупции» «ЖАҢАРУ» с целью исключения коррупционных рисков и бюрократических препонов при рассмотрении заявок на субсидии и кредитов сельхозтоваропроизводителям (необоснованное затягивание сроков рассмотрения, взаимные обвинения в длительном рассмотрении заявок и не полном обеспечении финансовой поддержки всех желающих получить субсидии) предлагает четко регламентировать оказание данной услуги между уполномоченным местным исполнительным органом, центром занятости и подразделениями «КазАгро».

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді субсидиялау және қаржылай несиелеу тәртібін қайта қарау кезінде жоғарыда айтылған ұсынымдарды ескерулеріңізді өтінеміз.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс»
РҚБ Жамбыл облыстық филиалының
директоры Қ.Төлендиев