Оқушылармен еркін пікір алмасты

111

Есіл аудандық «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалы белсенділерінің бастауымен 20-21қаңтар күндері 2020 жылы №80-86 мектеп-гимназияларында 7-9 сыныптар арасында «Әдептілік-тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаттары өтті.

Онда оқушылар әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білу, оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу жөнінде еркін пікір алмасты.
Ал, 10-11 сыныптар үшін мектептің мәжіліс залында «Әдептілік-адамдықтың белгісі» атты баяндама оқылды.

Гүлбаршын Касиманова,
Есіл аудандық «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалы
директорының орынбасары