ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

126

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ  Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қалалық филиалы жұмыс тобын құрып, Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжінің жатақханасына жаңа оқу жылына дайындық тұрғысына сәйкес рейд жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс тобының құрамында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа  қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ  Шымкент қалалық филиалының мүшелері- Х.А.Сарсенов, М.Б.Ақтаев, К.Е.Абуова және «ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері болды.

Бастаманың негізгі мақсаты- оқу орындары жатақханаларындағы студенттердің әл-ауқатын тексеру, оқыту және орналасу жағдайларын білу, өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалардың өз деңгейінде сақталуын қадағалауды қамтыды. Жұмыс тобы аталған оқу орнына бақылау жасап, студенттердің жатақханамен қамтамасыз етіліп, орнықты бөлмелерінің болуы, жан-жақты толыққанды білім алулары үшін қажетті жағдайдың жасалғанын тексеріп, барлық талаптардың дұрыс деңгейде орындалып жатқанына көз жеткізді.

Рейд барысында студенттермен пікірлесіп, жастар тарапынан «сенім жәшігін» қою ұсынысы қабылданды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі