«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жас қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты- жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыру мүмкіндіктерін, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарын талқылау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.
Кездесуге «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы кеңесінің мүшелері, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы «ЖАҢАРУ» РҚБ АҚҚ өкілдері М. М. Ахметсафин, Т.М. Шакирова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «АНТИКОР» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабы басшысының орынбасары К.С.Әбдіхалықов қатысты. Іс-шара барысында Алматы қаласына қауымдастырылған ҚБТУ Бизнес мектебінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиева ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберін баяндады.
Сонымен қатар Ұлттық кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанына қарамастан, құқықтық мәдениет бойынша кездесу өткізіліп, республикада соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін жүйелі база құру бойынша көпжақты ұйымдастырушылық және заңнамалық қызмет жанданғандығы жөнінде нақты сарапталды.
Сыбайлас жемқорлық қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, ешқандай нәтижеге кепілдік бермейтінін ұмытпау керек. Қоғамға қауіп төндіретін жайт- сыбайлас жемқорлықпен айналысу адамның және оның жақындарының санасына, дүниетанымының деформациясына сөзсіз зиян келтіреді.
Осы орайда Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «АНТИКОР» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабы басшысының орынбасары, ҚБТУ Бизнес — мектебінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі К.С. Әбдіхалықов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық қағидаттары туралы заңнамаға сәйкес қысқаша шолу жасады.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Түрксіб ауданындағы АГФ өкілі М.М. Ахметсафин Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жекелеген ережелері бойынша түсініктеме берді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі