Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөгелек үстел өтті

87

Бүгін елордада «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігімен бірлесе, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде онлайн-режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек стөл өткізді.

Бұл іс-шараны іске асырудағы басты мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Халықтың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, халықты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуның барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету. Азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq alany» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.

Басқосуға Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ҮЕҰ мен ҰКП, «Әдеп» жобалық кеңсесі, қалалық маслихат депутаттары, «Nur Otan», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері, «ЖАҢАРУ» белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жеқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, жоба жетекшісі Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы модераторлық етті.

Жиынды елімізге танымал ірі саяси мемлекеттік қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы сөз сөйлеп ашып берді.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласының Әкімінің міндетін атқарушы Қизатов Ермек Әнуарбекұлы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Каналимов Ерлан Ермекұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұрсұлтан қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Базилов Ілияс Сағынтайұлы, ҚР МҚІ Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігінің Совет мүшесі, ҚР Білім министрлігінің жемқорлыққа қарсы күрес үйлестіру кеңесінің мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Мамраев Бейбіт Баймаганбетұлы, Сарыарқа ауданының Әкімі Бәйкен Есет Берікұлы, Алматы ауданының Әкімі Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы, Байқоңыр ауданының Әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы, «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі — Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы, сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды,