Нұр-Сұлтан қаласында дөңгелек үстел өтті

983
Кеше 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған және Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі активінің қатысуымен «ЖАҢАРУ» РҚБі филиалының жұмысы туралы онлайн және офлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.

Оған еліміздің белгілі Мемлекеттік, саяси-қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, жоба жетекшісі Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының Әкімі Бекмурзаев Ерлан Орынбасарұлы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің Директоры Бисембиев Жасұлан Орақұлы қатысып, жоба туралы, жыл бойында атқарылған іс-шаралар туралы қорытынды баяндамалар жасалды.

Қатысқандар арсында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Этика және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы болды.
Дөңгелек үстел соңында «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан белсенді азаматтарды, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар өкілдерін, қоғам қайраткерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.