МАҢЫЗДЫ СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

133

Астана қаласы. 2022 жыл, 23 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму Министрлігінің “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, Астана қаласындағы ОБСЕ бағдарламалар Офисімен бірлескен түрде сертификаттарды тапсыру рәсімі болды. Рәсім барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы Құрман Ғалым Полатұлы алғы сөз алып, сертификат иелерін құттықтады. Сертификат иелерінің ішінде қоғамда маңызды мәселенің біріне айналған-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу барысында аса белсенді қызметтер атқарып, толыққанды өз үлесін қосып жүрген “ЖАҢАРУ” Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиевке Астана қаласындағы ОБСЕ бағдарламалар Офисі басқармасының орынбасары Ю.Фенопетов өз қолымен маңызды сертификатты салтанатты түрде тапсырды.

Сертификат тақырыбы — Орталық Азияның Еуразия қорымен және ОБСЕ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлескен іс-шара шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің әлеуетін арттыру бойынша жобалық басқару негіздері, кейс-әлеуметтік жобалардың кезеңдерін қамтыды. Рәсім онлайн форматта аумақтық мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен өтті.
Аталған шараға «Орталық Азия Еуразия Қорының» директоры Р.С.Темирбеков қатысып, сертификат иелерінің атқарып жатқан жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

« ЖАҢАРУ» РҚБ ресми ақпараттық қызметі