Бүгін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық аппаратында Қазақстан Республикасында өтетін кезектен тыс Президент сайлауының қарсаңындағы сайлауалды науқанына байланысты «ЖАҢАРУ» белсенділерінің азаматтық белсенділік көрсетуіне бағытталған кездесу өтті. Сонымен қатар 9 желтоқсан- Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңына дайындық жұмыстарын жүргізу барысы да талқыланды.
Кездесу барысында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-нің Құрметті төрағасы, ұлт абызы Оралбай Әбдікәрімов алдағы өтетін сайлау науқанында атқарылатын жұмыстардың ауқымды екенін, оған «ЖАҢАРУ» белсенділерінің тәуелсіз сарапшы, байқаушы ретінде қатысып, елімізде болатын маңызы айрықша сайлаудың ерекшелігін айқындауға нақты көңіл бөлінетіндігін саралады.
«ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы М.Семғалиев: «Елімізде болатын тарихи оқиға-сайлау науқанына дайындық жұмыстарына қарқынды түрде кіріскен «ЖАҢАРУ» белсенділері орталық сайлау комиссиямен тығыз байланыс орнатып, «Әділетті Қазақстан құру жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу мақсаттарының тоқтаусыз жүретіндігі жөнінде сараптады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-шаралардың алдағы уақытта да тегеурінді жүргізілетініне маңыз берді.
Кездесуге қатысқан «ЖАҢАРУ» белсенділері өздерінің келелі ой-пікірлерін ортаға салды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі