Маңызды мәселе талқыланды

68

2021 жылдың 13 сәуірі күні Аягөз ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының директоры, ШҚО әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж. Манаков ауданға арнайы іс-сапармен келді.Іс-сапар барысында Ж.Манаков аудан әкімдігінің дербес бөлім басшыларымен және бөлім мамандарының қатысуымен семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы іс -қимыл, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орынындағы, қоғамдағы әдеп сақтауы, білімді де, білікті маман болу мәселесі талқыланды