Мүдделер бір арнаға тоғысты

282

Нұр-Сұлтан қаласында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пен
орталық аппаратының басшысы Мэлс Семғалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен жүздесті.

Қос төрағаның кездесуі барысында қазіргі таңдағы қоғамдағы қордаланған мәселелер жан-жақты талқыға салынды.
Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов аталмыш қозғалыстың атқарып жатқан жұмыстары мен облыс орталықтарындағы филиалдардың тыныс-тіршігімен таныстырды. Қос тарап басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды бірілесіп атқару бойынша уағдаласып тарқасты.

Мешіт Ғазизұлы