Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу

50

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарымызға айтылған сөзінде: «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу» деген еді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Айқын» республикалық саяси-қоғамдық газетіне берген сұхбатында: «Жемқорлық мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздкке қатер төндіреді. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деген еді.
Осыған орай, бүгін елордасы Нұр-Сұлтан қаласында парасатты жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орта білім беру мекемелерінде жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізілуде.
Осы іс-шара шеңберінде «ЖАҢАРУ» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБі Нұр-Сұлтан қалалық филиал директоры Дәулеткерей Рахметуллин, қалалық филиал Кеңес мүшесі, филиал директорының орынбасары Оралдым Мажанақов, «ЗЕРДЕ» мектеп директорымен бірлесе отырып «Адалдық сағатын» өткізді.
Кіре берісінен мектеп директоры Жәнибекова Әлия Жәнібекқызы өзі қарсы алып, тәрбие сағатына қатысты. Мектептегі жылылықтан керемет әсер алдық. Мектептің тазалығы, безендірілуі, оқушыларға жасалған жағдай, олардың тәртібі көзге бірден түсті. Ұжымның бірлесіп атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тілейміз.