Әлеуметтік жоба аясындағы қоғамдық қабылдау

516

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ  Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жоба шеңберінде Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде  тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов, РҚБ Шымкент филиалының кеңсесінде  аппарат басшысы А.Жуанышбаев  жастардың бүгінгі таңда көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық қабылдаулар жүргізді.   Сондай-ақ, РҚБ ШҚФ-ның   мүшесі М. Бейсеуов  Шымкент қалалық  № 1 емханасында қоғамдық қабылдау өткізді. Жастар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстар кеңінен талқыланды, әрі  олардың оңтайлы шешілуі үшін қажетті шаралар жүргізілетіні айтылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі