«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Аса құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы!

Аса құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы! 18.12.2024

Аса құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы!

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Сізді асқаралы, мерейлі 80 жасқа толған туған күніңізбен құттықтайды! 
    Сiз еңбек жолыңызды ауылдағы қатардағы жұмыскерден бастап, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі мемлекетік дәрежедегі жоғары басшылық лауазымдарға дейін көтерілдіңіз.
    Кеңес заманында оқу-тәрбие, комсомол, партия, халықтық бақылау, коррупциямен күрес жүйелерінде жұмыс істеп, Жоғарғы кеңестің депутаттығына сайландыңыз, ел мен жер үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, Қазақстанның егемендік алуына атсалыстыңыз.
    Тәуелсіздікктің алғашқы жылдарында орталық мемлекеттік органдарда жоғары лауазымдарға тағайындалып, халық игілігі үшін аянбай қызмет жасап, республикамыздың нығайуына зор үлес қостыңыз.
    Сенаттың Төрағасы болған кезіңізде демократия қағидаттарының негізінде заңнама қалыптастырумен жүйелі түрде айналыстыңыз, коррупциямен күресті жандандырдыңыз, мемлекеттік қызметтің әділдік пен әділеттілік және жариялылық пен ашықтық принциптерімен жүргізілуін қамтамасыз ететін заңдарды қабылдауды іске асырдыңыз.
    Зейнетке шыққан соңда ел мен жерге қызмет етуді тоқтатпадыңыз, белсенді түрде қоғамдық жұмыспен айналысып жүрсіз. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы болып, бұл қозғалысты көп жылдар бойы басқардыңыз, қазір бірлестіктің Құрметті Төрағасысыз. «Қансонар» Республикалық бірлестігінің Құрметті Төрағасы ретінде жеріміздегі табиғат игіліктерін, халықтың ұлттық құндылықтарын сақтауға, аңшылық шаруашылықты дамытуға, Қазақы иттердің «Тазы» тұқымын жетілдіруге оң ықпал етудесіз.
    Сіз Отанымыздың дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерісіз, әділдігіңіз бен әділеттілігіңіз, табиғат пен адамзатқа бағытталған қамқорлығыңыз адамгершіліктің айнасы.
    Сіздің ұлы тұлғалық қасиеттеріңіз жастарға әрдайым үлгі болып қала береді!
    Өмір жолыңызда жанұя құрып, отбасыңызда ұл мен қыз тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп, бүгінде үлкен әулеттің мәуелі бәйтерегі, абыз ақсақалы, парасатты қарты, мейірбанды қариясы болып отырсыз.
    Сізге зор денсаулық, бақытты өмір, бейнетсіз зейнет, ұзақ ғұмыр, мәңгілік ұрпақ тілейміз!
   

    Ізгі ниетпен,
    «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы                                     М.З. Семғалиев

 

 

Астана қаласы – 2024 жылғы 18 желтоқсан


Тізімге оралу