«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі
Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі 10.10.2024 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа да жолдармен жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске салды.

Тәулік бойы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе жасалғалы жатқан құқық бұзушылықтар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы Call-орталық жұмыс істейді.

Биыл Call-орталыққа 20 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Сall-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істер саны артып келеді, деп хабарлайды агенттік.

Кінәлі тұлғаға қатысты соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе айыптау үкімі шыққан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа да жолдармен жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

2020 жылы сыйақы беру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланды.

Сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 14 млн 768 мың теңгеге дейін сыйақы алуға болады.

Биылғы жылдың 9 айында агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адамды (2023 жылдың 9 айында – 45 адам) 28,9 млн теңге (15 068,8) көлемінде ақшалай сыйақы төлеу арқылы марапаттады, оның ішінде 33 (4) мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.


Тізімге оралу