«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті
Проведено первое заседание Общественного совета Агентства по противодействию коррупции 16.09.2024    14 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
   Кеңес құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары – Марат Башимов, Николай Арсютин және Айдос Сарым, сондай-ақ Бейбіт Мамраев, Дихан Қамзабекұлы, Кәкімжан Бишманов, Айнұр Сабитова, Мэлс Семгалиев, Ербол Үстеміров, Серік Сәпиев, Ғани Нығметов және Михаил Коломин сынды қоғам қайраткерлері мен ғалымдар кірді.
   Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Марат Башимов қайта сайланды.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағали өз сөзінде азаматтардың сенім деңгейі Агенттік жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылатынын және бұған қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айқындап өтті.
    «Жемқорлыққа қарсы барлық маңызды бастамалар Қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланатын болады. Кеңес заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге, стратегиялық құжаттарды талқылауға қатысуға, Агенттіктің жұмысына мониторинг пен бағалау жүргізуге, сондай-ақ оны одан әрі жақсарту үшін ұсынымдар әзірлеуге құқылы», - деп атап өтті А. Жұмағали.
    Қоғамдық кеңестер жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру процесінде маңызды рөл атқарады. Олардың ықпалы мен өкілеттігі жыл сайын артып келеді. Кеңес мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және ғылыми топтардың сарапшыларын тарта отырып, өзекті мәселелерді зерттеу үшін жұмыс топтарын құра алады.
    Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған төрағасы Марат Башимов әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, елдің жемқорлыққа қарсы саясатын жақсарту бағытында белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
    Отырысты қорытындылай келе, Асхат Жұмағали барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеуде сәттілік тіледі.




e353768d19dad2f1ad0551ac25603608_1280x720.jpg

c49b08de91729231b7ef0d5dde254836_1280x720.jpg


b0e11bb5bfec633c91aee3a777b5f7c9_1280x720.jpg




Тізімге оралу