КЕЗЕКТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

91

 «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ — гіне қарасты Түркістан облыстық, Шымкент қалалық «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалдарының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» КЕАҚ қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде аралас (онлайн және оффлайн) режимде кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс (лекция) шарасы өткізілді.

Аталған шараға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ төрағасы, жоба жетекшісі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес) Қоғамдық кеңес мүшесі Семғалиев М.З, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Совет мүшесі, заң ғылымдарының докторы Қойбақов С.М, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының басшысы Мелдеханов Ө.П, «ЖАҢАРУ» РҚБ  аппарат басшысы- жоба менеджері Әлиев Қ.Х., ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Ж.С., «Түркістан Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысы Абуова Н.Е., «Шымкент Адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері Тойлыбай Қ.О., «Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту» басқарма басшысының орынбасары Садықова А.М., Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқарма басшысы Нарбекова Б. П., Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ–ің басшысы Төлебаев Е.Ә., «ЖАҢАРУ»РҚБ -гі Шымкент қалалық филиалының директоры  Талғат Н.И, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері Қалдыбай Ару және Тоғанбай Үрзат Нұрлыбайқызы баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.
Шараның басты мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Жастар арасында еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы жастарды хабардар ету.
Қатысушылар тарапынан  сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.

«ЖАҢАРУ» Баспасөз қызметі