Павлодардағы келелі мәселелер

125

Бүгін, 2021 жылғы 31 тамызда «ЖАҢАРУ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының» қолдауымен онлайн режимде «ҮЕҰ-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға сарапшылық қоғамдастықтың қатысуын кеңейту»әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мемлекеттік органдары мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізді.
Аталмыш шараның модераторы «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Мэлс Семғалиев болды.


Басқосуды ашқан М.Семғалиев бүгінгі іс-шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың 80-нен астам өкілі қатысып отырғанын атай отырып, қатысушыларды өткен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.

Іс-шараға Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы және де, ҮЕҰ, ҰКП, бизнес-қоғамдастықтар, «NurOtan», «Ауыл», ҚХП, «Ақ жол» партияларының өкілдері, БАҚ, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында өткізілетін маңызды іс-шаралар туралы айтып берді. ҮЕҰ-мен, ҰКП-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты ерекше атап өтті, ұйымдастырушыларға іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіре отырып, осы бағытта одан әрі ынтымақтасуға тілек білдірді.
Сөз сөйлегендер арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин, «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Илья Теренченко, «Ertis-Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Ризабек Исабеков, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Әдеп жөніндегі жауапты комплаенс-офицері Серік Ілиясов, Павлодар облысындағы «Атамекен» ҰКП директоры Серік Сәдуақасов, «KAISAR KZ» ҚБ төрағасы Алма Қозбаева, ҚР БҒМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «ЖАҢАРУ» РҚБ кеңесінің мүшесі Бейбіт Мамраев, сондай-ақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ комплаенс-офицері Әсел Салықова қатысты.

Мэлс Семғалиев өз сөзінде Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды атап өтті. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар оның орнына емес, бірге жұмылып жұмыс атқару керек екендігі ерекше атап өтті. Ұсыныстарды өңір әкімдігі және Павлодар облысы бойынша басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына салды.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің төрағасы Ернар Баянғазиннің өз баяндамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бұл уәкілетті органның ғана емес, жалпы бүкіл қоғамның міндеті екендігі ерекше атап өтілді. Бұл ой «ЖАҢАРУ» РҚБ өткізетін барлық іс-шараларда әрқашан «қызыл сызықпен»өтеді. Е.Баянғазин «Жол картасы» бойынша тек аймақ басшысының алдында ғана емес, халық алдында да есеп беру керек екендігіне ұсыныс жасады.

Баяндамаларды талқылау барысында жоғары оқу орындарындағы сапалы білім беру туралы, мысалы, университет ішінде ғана емес, сараптамалық қоғамдастықты тарта отырып, қандай нақты іс-шаралар өткізілетіні туралы, қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің сапасы туралы, НҚА сараптамасын жүргізу кезінде ҮЕҰ өкілдерінің көбірек санын тарту туралы және осы бір өңірде ғана емес, еліміздің барлық облыстарында шешілуі қажет бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Мұндай іс-шараларға тек бір университеттің ғана емес, сонымен қатар өңірдің басқа да жоғары оқу орындарының, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысатындығы туралы ескерту жасалды, өйткені Президент пен Үкімет осы салалардағы мәселелерге көп көңіл бөледі.
Іс-шара қызықты форматта, пікірталас түрінде өтті. Мысалы, профессор Мамраев С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығына бірқатар сұрақтар қойды, олардың кейбіреулеріне нақты жауап берілмеді.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тамара Шакирова Оралбай Әбдікәрімовтың төрағалығымен «ЖАҢАРУ» РҚБ өткізетін барлық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруда үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Барлық қатысушылар осындай іс — шаралардың тиімділігі мен пайдалылығын атап өтіп, «ЖАҢАРУ»РҚБ-ң ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.