Келіскен іс келте болмайды

73

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы О.Әбдікәрімов академия ректоры Е. Абилмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарда күш-жігерді біріктіру қажеттілігі мен бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Кездесуге «ЖАҢАРУ» кеңесінің мүшесі Б. Ашитов пен қозғалыстың орталық аппаратының басшысы М. Семғалиев қатысып, сөз сөйледі.

Кездесу соңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы Ж. Рысбекова қысқаша экскурсия өткізіп, қонақтарды академия қызметімен таныстырды.