«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі және
«ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ» қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Алматы қаласы 2023 жылғы «16» ақпан
Жарғы негізінде әрекет ететін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мэлс Зайголлаұлы Семғалиев және жарғы негізінде әрекет ететін «ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Олжас Омарұлы Сулейменов, бұдан әрі «Тараптар» деп аталады:
— Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерімен ымырасыз күресу жөніндегі бастамаларын жан-жақты қолдай отырып;
— Мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне алаңдаушылық білдіріп;
— Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша қабылданған жүйелі шараларын оң бағалай отырып;
— Жаһандық сыбайлас жемқорлық қатерлерін еңсеру азаматтық қоғам институттары мен тұрғындардың қатысуын белсендіру арқылы мүмкін болатынын ескере отырып;
– Сыбайлас жемқорлықтың жағдайлары мен себептерін жоятын демократиялық институттарды нығайтуға және дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралардың тұтас жүйесін қалыптастыруға белсенді жәрдемдесуге дайын бола отырып, мынадай Келісім жасады.
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіру;
б) сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық түрлерімен күресу бойынша елде атқарылып жатқан іс — шараларға азаматтардың мүдделілігі мен қолдауын арттыру;
в) қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара іс-қимылды нығайту, тығыз серіктестікті жүзеге асыру.
2-бап
Тараптар өз мақсаттары мен міндеттеріне қарай:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте екі жақты мүдделестікке жауап беретін ақпаратпен жедел алмасуға жәрдемдеседі;
— қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кедергілерді немесе шектеулерді жоюға ықпал етеді;
— мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәнін ашатын мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;
— осы Келісімде көрсетілген мақсаттарға сәйкес әдебиеттерді, брошюраларды, басқа да баспа, аудио және бейне өнімдерін шығарып, таратады;
— сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне және басқа да қоғамға жат құбылыстарға төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
— белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қатысады;
— басқа да ортақтастырылған жұмыс түрлері мен әдістерін әзірлейді.
3-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар:
— елімізде өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекетіміздің заңдарын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған акциялар мен басқа да іс-шараларды өткізуге;
— Тараптарға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында бірлескен бағдарламалар әзірлеуге, жұмыс топтарын құруға;
— Келісім тараптарының әрқайсысының әртүрлі іс-шараларына, акцияларына, конференцияларына, съездеріне және басқа да жұмыс түрлеріне қатысуға;
— әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған бастамаларды қалыптастыруға және ілгерілетуге белсенді ықпал етуге;
— осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын ақпаратпен алмасуға ниетті.
4-бап
- Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
- Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ғана енгізілуі мүмкін.
- Тарап екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы Келісімнен шыға алады және мұндай хабарлама екінші Тарапқа жіберілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң кері қайтарып алынды деп есептеледі.
- Осы Шарт екі данада, қазақ және орыс тілдерінде, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалды.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа
қарсы жалпыұлттық Төрағасы
қозғалыс» РҚБ Төрағасы
М.Семғалиев
«ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ» ҚБ
О.Сулейменов