Келелі жүздесу

2056

ШҚО облыстық қаржы басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу болып өтті. Оған «Жаңару» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлестігі» ШҚО филиалының директоры жəне əдеп жөніндегі кеңестің мүшесі- Жомарт Нұқанұлы Манаков қатысты.

Негізгі тақырып бойынша əдеп нормаларын сақтау, жұмыс уақытындағы əріптестердің қарым- қатынасы, жұмыстан тыс кездегі мінез-құлық стандарттары туралы əңгімелесу түрінде өтті. Жомарт Нұқанұлы Əдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мен қоса есептік кезең ішінде атқарылған жұмыстар бойынша толыққанды ақпарат берді.Сұрақтар қойылып оларға тиісті жауаптар берілді. Басқарманың қызметкерлері қоғамдық өмірде де белсенділік танытуда. Оның дəлелі ретінде мемлекеттік органның мəжіліс залында орналасқан мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасында жеңімпаздарының марапаттар мен кубоктардың жиынтық стенді бар.