Кеңейтілген жиын өтті

473

Жемқорлық салдарымен күресуді басты назарда ұстау мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  Қызылорда бөлімшесі және «Теміржол» партия  филиалының  іс шара жоспарына сәйкес   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жағдайы» тақырыбында біріккен кеңейтілген жиын өтті. 

         Оған ҚР мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғыман Жағудаев, Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілі  Талап Мұстафаев, Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мүшесі  Қуаныш Жарекеев,   «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының басшысы Кажденбек  Баймаханов,  Қызылорда көлік  прокуроры мен Қызылорда  ІІЖБ өкілдері, теміржол мекеме басшылары  мен  кәсіпкерлер  қатысты.  Бұл жиынға    селектор арқылы Қызылорда теміржол бөлімшесінің  Сексеуіл стансасынан бастап Түркістан стансасына дейінгі аралықта жұмыс жасайтын 200 ден астам  теміржол  мекемелерінің басшылары, қызметкерлері қосылды.

 Селекторлық  жиынды  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Қызылорда бөлімшесі директорының  уақытша міндетін атқарушы  Ерлан Айдаров жүргізді.  Құзырлы орган мен партия өкілдері   жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер, олардың алдын-алу мәселелері  бойынша   кең ауқымды  түсіндіру  жұмыстарын жүргізді. Теміржол саласында жемқорлық құбылыстарының орын алып отырғанын айта келе, салада келеңсіз жағдайлар орын алмау үшін қандай іс-шаралар жүргізу қажеттігі туралы өзіндік пікірлер  мен  ұсыныстарын  берді.

         Жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында  өткен кеңейтілген жиын әрбір қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеуге міндеттеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдан тыс қалмай, белсенділік танытуға  шақырды.