Кәсіпкерге жер беруден негізсіз бас тартқан шенеунік жауапқа тартылды

730

«Ақмешіт — адалдық алаңы» жобасы аясында жұмыс жасап жатқан «Protecting business and investments» қызметкерлері қызылордалық жеке кәсіпкер А.Махановқа жер телімін алуға жәрдем берді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында бизнесін ұлғайту үшін қосымша жер телімін сұраған кәсіпкердің өтінішінен қалалық жер комиссиясы еш негізсіз бас тартқан.

Дегенмен, наурыз айында жеке кәсіпкердің өтініші бойынша теріс қорытынды қабылданып, қосымша жер учаскесін табыстаудан бас тартылған.

Жеке кәсіпкер өз кезегінде қалалық жер комиссиясының қорытындысымен келіспей, «Protecting business and investments» жобасының фронт-офисіне заңды мүддесін қорғау бойынша өтініш білдірген.

  • Өтінішті қарау барысында қалалық жер комиссиясы тарапынан жеке кәсіпкер А.Махановқа алғашқыда негізсіз бас тартылғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерге кеңсе салу қосымша жер телімі берілді. Бизнес субъектісінің заңды өтінішін қарау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін қалалық жер комиссиясының лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Әлия Ысқақова.