Кәсіпкерге кедергі болған мемлекеттік қызметкер жазаға тартылды

26
Главное фото: из открытых источников

Қызылордада сұлулық салонын ашу үшін қайта жоспарлау жұмыстарына рұқсат сұрай барған жеке кәсіпкер Ұлбосын Асановаға қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары» Ережесіне сүйене отырып бас тартқан. Яғни, жеке кәсіпкердің  көпқабатты үйлердің бірінде бірінші қабатта орналасқан пәтерін реконструкциялап, сұлулық салонын орналастыру пәтердің қабырғаларының ірі панелден болуына орай қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге болмайды деп уәж айтқан.

Алайда кәсіпкер құзырлы мекемелерге өтініш білдіре жүріп тиісті тексеру жұмыстары жүргізу арқылы пәтерді қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден негізсіз бас тартылғандығын анықтайды.

Осы мәселе жөнінде құқығын қорғау мақсатында кәсіпкер Ұлболсын Асанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт-офиске жүгінген.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы кәсіпкерге объектіні қайта жоспарлауға рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны белгілі болды. Себебі, жеке кәсіпкер Ұлбосын Асанованың пәтерді сұлулық салонына бейімдеу бойынша күту залынан есік және терезе орналастыру жоспарланған. Ал, күту залының сыртқы қабырғасы конструкция. Сол себепті «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары» Ережесіне сәйкес пәтерді қайта жоспарлауға болатындығы көрсетілген, — дейді ҚР МҚІжСЖҚІҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұржан Сүлейменов.

Нәтижесінде кәсіпкер Ұ.Асанованың құқығы қалпына келтіріп, объектіні қайта жоспарлауға рұқсат беріледі. Осы кемшіліктерге жол берген Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты қызметкері Ж.Ысқақоваға қатаң сөгіс жарияланды.