Күн тәртібінде – сыбайлас жемқорлықты болдырмау

38

Актау қаласында тәжірибе алмасу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — заман талабы» дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға Маңғыстау облыстық Қазақстан халықтар ассамблеясының ғимаратында қоғамдық ұжымдар,  блогерлер, журналистер мен кәсіпкерлердің қатысты. Одағы талқыланған басты мәселелер — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламалары. Кездесудің модераторы «Жаңару» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дайрабай Үсіпбаев сөз басында «Жаңару» бағдарламасы бойынша облыстағы жүргізіліп жатқан іс-шараларға  толық тоқталды. Сонымен қатар «Жаңару» РҚБ Нұр-сұлтан қалалық филиалы басшысының орынбасары, Сарыарқа аудандық филиалдың басшысы Болатбек Ысқақов та сөз сөйлеп жастарды тәрбиелеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған ерекше мән беру жайында өзекті әңгіме өрбітіп, соңы қызу пікірталасқа ұласты.

Одан өзге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау тақырыбындағы өзекті мәселелерге «Жаңару» РҚБ Нұр-сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық филиалы басшысының орынбасары Үміт Қалымбетова да өз ойын айта келіп, Қазақстанда танымал болып келе жатқан тұрғын үй кооперациясының халыққа қол жетімді бағдарламасы жөнінде ақпарат берді.

Іс-шара өте қарқынды, пікір алмасу, сұрақ-жауап ретінде жоғары деңгейде өтті.

Менш.ақп.