«Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы ең өзекті мәселе — тұрғын үймен қамтамасыз ету» — ЖАҢАРУ

80

Қарағанды қаласында тәжірибе алмасу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Ол жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламалары қарастырылды.

 Іс-шара басында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қарағанды қалалық филиалының директоры Алтай Әшляев пен Қарағанды облысы Кәсіподақ федерациясының төрағасы Болат Жұмабеков бірлесіп Меморандумға қол қойды.

Одан әрі «Жаңару» РҚБ төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин сөз сөйлеп ҚР Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет басшыларымен 2019 жылы 20 мамырдағы жиналыстағы жаңа бағдарламарға байланысты «ЖАҢАРУ» РҚБ-інің Төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің жаңа талаптар бойынша РҚБ-тің мүшелерінің жүргізіліп жатқан іс-шаралар бойынша толық ақпарат беріп, жастарды тәрбиелеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған ерекше мән беру жайында өзекті мәселелерді қозғады.

 «Жаңару» РҚБ Нұр-сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық филиалы басшысының орынбасары Үміт  Қалымбетова баяндама жасап,  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы ең өзекті мәселе — тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жолдарымен таныстырып өту жайы әңгіме болды. Оның ішінде Қазақстанда танымал болып келе жатқан тұрғын үй кооперациясының халыққа қол жетімді бағдарламалары  талқыланды.

   Іс-шара өте қарқынды, пікір алмасу, сұрақ-жауап ретінде жоғары деңгейде өтті.