Жуырда «Қоғамдық кеңестер : мемлекет пен қоғамның іс-қимыл тетіктері мен қызметтегі практикасы» тақырыбында пленарлық отырыс өтті.
Қоғамдық маңызы бар кеңеске Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Д.Мыңбай, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Әбіл, Астана қаласындағы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы офисі басшысының орынбасары Ю. Фенопетов, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғамдық кеңестер туралы заңы авторларының бірі Б.Мамраев, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ұлттық құрылтай мүшесі М.Башимов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Семғалиев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі Б.Мамраев қатысты.
Қоғамдық кеңестер ешқандай органдардың, әсіресе мәслихаттардың қызметін қайталамайды, олардың мәртебесіне ұқсамайды. Сонымен қатар, кеңестер мәжіліс, мәслихат секілді өкілді органдармен байланысты қоғамдық негіздегі орган ретінде қалыптасып, қазір жиі айтылатын «халық үнін еститін мемлекет» деген тұжырымдаманың бастауы, алғашқы негізі болып қалыптасты.
Бүгінгі қоғам үшін маңызды кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғамдық кеңестер туралы заң авторларының бірі Б.Мамраев: «Еліміз үшін қоғамдық кеңестерді құру үлкен жаңалық болды. Ал кеңестерді құруға негізгі себеп болған сол кездегі «Ұлт жоспары 100 қадамының» 99-шы қадамы еді. 2015 жылдың 2 қарашасында «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданды. Ондағы мақсат -мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау кезінде қоғамдық қамтамасыз ету болды. Мемлекеттік өмірдің барлық саласына қоғамдық қатысуды қамтамасыз ету-жаңарудың, ашықтық, демократияның айқындығын білдіретіндігін нақтылап айтты».
Мұндай кездесулердің қоғам үшін де халық үшін де атқаратын қызметі үлкен маңызға ие.
“ЖАҢАРУ” РҚБ баспасөз қызметі