Еліміздің дамуы үшін- жастар өз үлесін қосады

531

“ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс  РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры И.Плюсниннің ұйымдастыруымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жоба шеңберінде Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының белсенді азаматтық ұстанымы бар жастармен, «Думан» педагогикалық жасағының тәлімгерлерімен, «Феникс» еріктілер орталығының  еріктілерімен кездесу өткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Мұндағы басты мақсат — жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру, қоғамдағы қауіпті індетке айналған сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы жастар арасында ағарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Жастар өздерінің қоғамдағы, елімізде болып жатқан жаңаша өзгерістер мен «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамаларын қолдайтындықтарын айта отырып, Қазақстанның жарқын болашағы үшін өз үлестерін қосатындарын, бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы да өздерінің өзекті ой-пікірлерін ортаға салды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі