Елбасы Жолдауының ізімен

446

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауында көрсетілген басым бағыттарды түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

 Кездесуге «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысының облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқарма басшысының м.у.а. Даурен Омаров, музей қызметкерлері және облыстың жастары қатысты.

 Қ.Төлендиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның, Елбасы және ҚР Президенітінің жолдауларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттары және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

 Даурен Омаров парасаттылықтың басты бағыттарын атап өтіп, қоғамдағы мәдениет денгейін көтеруге ат салысуға шақырды. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы жастар тарапынан қоғамдық орындарда орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды мысалға келтіріп, қала тазалығына аса қатты мән беру керектігіне тоқталды.

 Жиын соңында қатысушылар «Көне Тараз» саябағында ұйымдастырылған құнды да, бірегей жәдігерлерден құралған арнайы көрмемен танысты.