Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

83

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Департамент басшысы Жандос Шералигли Сарсеннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласында әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Отырыста Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл М. И. Имятова, Әдеп жөніндегі уәкіл Г. А. Тлеукенова, Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл С. Б. Манзоров «2019 жылдың 2 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын мониторингілеу және бақылау бойынша атқарылған жұмыстар» тыңдалды.
Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д. Б. Мұқанбедиевтің Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік органдарының тәртіптік іс-тәжірибесін және тәртіптік комиссияларының қызметін талдау қорытындылары туралы» баяндамасы тыңдалды.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасы саласындағы әртүрлі маңызды тақырыптарға, тәртіптік жазаларды алып тастау және жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолдануға арналған бірқатар баяндамашылар тыңдалды.