Әдеп нормаларын сақтау мәселесі талқыланды

1305

Облыстық табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерімен əдеп нормаларын сақтау мəселесі бойынша кездесу өткізілді.

Өзара ынтымақтастық туралы қабылданған меморандум аясында аталған іс шараға «Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бірлестігі» ШҚО филиалының директоры, ШҚО əдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж.Манаков қатысты. Басқарма басшысы М.Құсайыновтың жалпы ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы ақпараты тыңдалып, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас жəне жұмыстан тыс кездегі мінез-құлық стандарттары сияқты қарапайым мəселелер қаралды.Сұрақтар қойылып оларға тиісті жауаптар берілді.Соңынан əдем жөніндегі уəкілмен мемлекеттік қызметкерлер арасында ұжымдағы моральдық ахуалды анықтау мақсатында, жасырын сауалнама жүргізілді.Сауалнаманың қорытындысы қосымша хабарланатын болады.