Члены РОО «ЖАҢАРУ» обратились к жителям столицы — города Нур-Султан

89

27 марта 2019 годаСовет РОО «Жаңару» провел заседание под председательством Оралбая Абдыкаримова, где было принято обращение к жителям столицы.

«Жаңару» сыбайлас  жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің ел астанасы

Нұр-Сұлтан  қаласы тұрғындарына

ҮНДЕУІ

 Қымбатты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

 Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдап, Мемлекет басшысы лауазымына кірісті.

Елбасының еліміз және қоғам алдындағы сіңірген ерекше еңбегін, тәуелсіз Қазақстанды өркендетудегі айрықша қызметін бағалай отырып, Қазақстан Республикасының астанасы, бұрынғы Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атау өте орынды әрі дер кезінде қабылданған шешім деп есептейміз. Біз Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметінде ең бастапқы күндерден бастап  сыбайлас жемқорлықты жою бойынша тұғырлы және дәйекті жұмыс жүргізгенін білеміз.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және орталық және жергілікті органдар басшыларының жеке жауапкершілігін барынша күшейту жөніндегі мәлімдемесін қолдай отырып, елордалықтарды, мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, барлық деңгейдегі басшыларды алдағы қысқа мерзім ішінде мемлекетіміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласын сыбайлас жемқорлық пен пара алудан таза қалаға айналдыруға шақырады.

Қаланың жаңа атауы бізді Қазақстанның барлық тұрғындарына  үлгі болып, адал, қажырлы және асқан жауапкершілікпен еңбек етуге міндеттейді.

 «Пара алмау, бермеу және өзгелерге осыған жол бермеу» ұраны әрбір елордалықтың азаматтық міндеті және  ұстануы болу тиіс.

Біз, Елорданың барлық тұрғындары, мемлекеттік органдардың басшылары осы үндеуді белсенді түрде қолдайды деп сенеміз.

 ОБРАЩЕНИЕ

Республиканского общественного объединения«Общенациональное движение против коррупции «Жаңару»к жителям столицы – города Нур-Султан

 Дорогие жители города Нур-Султан!

 Первый Президент Казахстана, Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев принял историческое решение о сложении с себя полномочий Президента страны.  В соответствии с Конституцией Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев принес присягу народу и вступил в должность Главы государства.

Отмечая высокие заслуги Елбасы перед страной и обществом, подчеркивая его выдающуюся роль в строительстве независимого Казахстана, считаем обоснованными своевременным переименование столицы Республики Казахстан города Астаны в город Нур-Султан. Все мы знаем, что Лидер нации Нурсултан Назарбаев с самого начала своей деятельности на посту Президента Республики Казахстан проводил твердую и последовательную политику по искоренению коррупции.

Республиканское общественное объединение «Общенациональное движение против коррупции «Жаңару», поддерживая заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева об усилении борьбы с коррупцией и персональной ответственности руководителей центральных и местных органов, призывает астанчан, государственных служащих, сотрудников органов правопорядка, представителей общественности, малого и среднего бизнеса, средств массовой информации, руководителей всех уровней превратить в самое ближайшее время столицу нашего государства город Нур-Султан  в город, свободный от коррупции и взяточничества.

Новое имя столицы обязывает нас трудиться честно, с полной отдачей, подавая пример всем жителям Казахстана.

Лозунг: «Не брать, не давать взятку и не позволять другим подобное!» должен стать девизом каждого астанчанина, его гражданским долгом.

Мы верим, что все жители столицы, руководители государственных органов активно поддержат наше обращение.

 Оралбай Әбдікәрімов,

«Жаңару»  РҚБ  төрағасы

                                

2019 жылғы 27 наурызда «Жаңару» РҚБ  кеңесінің отырысында қабылданды