Брифинг өтті

70

Зиялы қауым, қоғам белсенділері парасаттылықты, адалдықты дәріптеуде
Сәрсенбінің сәтінде «АнтиКорр»орталығында «Жамбыл-Адалдық алаңы»жобалық кеңсесі, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық, ағартушылық штабының 2021 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен Брифинг өтті.

Штаб жетекшісі ретінде бірінші кезекте айтарым, 2019 жылдың желтоқсан айынан бері облыс тұрғындарының арасында парасаттылық, адалдық қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, оның алдын алуға қоғамдық штаб жұмысына белсенді қатысып жүрген 40 тан аса зиялы қауым өкілдеріне, азаматтық қоғам белсенділеріне, депутаттарға, облыстық , қалалық газеттердің бас редакторларына, ақын-жазушыларға, өңірлік университеттің, жергілікті театр, кітапханалардың басшыларына , барлық патриот, ұлтжанды өз жүрек қалауымен атсалысып жатқан қатысушыларға Рақмет айтқым келеді! Алғысымыз шексіз! Жақында облысымызға келіп, жұмыстарыңызбен танысып қайтқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы»жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел сіздерге ризашылықтарын айтып кетті!

Бірінші тоқсанда штаб мүшелерінің қатысуымен 80-нен астам іс-шара өткізілді, оған үш мыңнан аса адам қамтылды.
Олар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, 63 мыңнан астам қаралым жинады. Жыл басынан бері, санитарлық талаптарды қатаң сақтап, Тараз қаласының барлық 60 мектептерінің ұжымдарымен, облыстық, қалалық білім бөлімдерімен, университеттер мен колледждерде, казпочта, полиция бөлімдерінде және он аудандарда арнайы кездесулер ұйымдастырылды.

Сол сияқты, 3 ақпаннан бастап облысымызда «Парасат жолы» жобасы бастау алды. Бүгінде өңір бойынша 274 кітапханада, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Парасат жолы» жобасы жұмыс атқарады. Әр аптаның жұмасында «Жұмадағы жүздесу» кештері өтіп тұрады.

Ақпараттық, ағартушылық штабының Инстаграм парақшасында бүгінде 18 мың адам тіркеліп еліміз бойынша алдыңғы қатардан көріндік. Ол сіздердің арқаларыңыз, құрметті қоғам белсенділері, ардақты әріптестер!
Еліміз аман, жұртымыз тыңыш болсын!