Бірлескен істерге жол ашылды

107

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Нұр-сұлтан қалалық филиалының кеңсесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовпен кездесу өтті.


Аталмыш іс шара Нұр-сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Рахматуллиннің жеке шақыруы бойынша өткізіп отырғанын айта кеткен жөн.
Кездесу аясында құқықтық мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты жақсарту жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында Бақытжан Ниязов «ЖАҢАРУ» РҚБ қалалық филиалының жұмысымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрме материалдарымен танысты және ынтымақтастық туралы нақты ұсыныстарды бекітті.

Мешіт Ғазизұлы