«Бірлескен білекте күш бар» — «ЖАҢАРУ» РҚБ

100
zhanaru.kz

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының директоры Дастан Жұмабаев Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің алқа отырысына қатысып, әр жерден бір қылаң беретін жемқорлықты денсаулық саласында да ауыздықтау қажеттігіне тоқталды.

  • Өкінішке орай денсаулық саласы да сыбайлас жемқорлықтан ада емес. Сондықтан осы департамент басшылығымен бір ай бұрын Меморандум жасастық. Белең алып отырған келеңсіз жағдайларды анықтаудың көптеген әдістері бар. Мәселен, «жасырын сатып алушы» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылап, кемшін тұстарын анықтадық. Сол сынды сіздің департаментпен бірлесіп осындай іс-шаралар ұйымдастырып тұрсақ, нәтижесі жақсы болар еді деп ойлаймын. Бұл іске бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін де тартып, тұрғындар арасында алдын алу шараларын да жүргізіп тұру қажет, — деді өз сөзінде Дастан Жұмабаев.

Одан өзге, облыстың өңір-өңірінен жиналған бас дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлеріне алқалы жиында жемқорлықтың зардабы мен азабы жайлы аздап мәлімет берілді.

Менш. ақп.