«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-і Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Алматы ауданы әкімшілігінде мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу барысында тығыз қарым-қатынаста бірлесе атқарған қызметтерін бағалау мақсатында марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттау рәсімі «ЖАҢАРУ» РҚБ төраға орынбасары, Астана қалалық филиалы директорының орынбасары Д.Рахметуллиннің тікелей бастамасымен және Астана қалалық филиалы директорының орынбасары, Алматы аудандық филиалының директоры Д.Қаппаровтың ұйымдастыруымен атқарылды. Оған «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің аппарат басшысы Қ.Әлиев, Алматы аудан әкімшілігі аппаратының қызметкерлері қатысты.
2018 жылы Алматы ауданы әкімінің жанынан құрылған «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы сол кезден бастап мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге жыл сайын белгіленген іс-шаралар бойынша табысты жұмыстар атқарып келеді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың: «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам- ең сыйлы адам болуға тиіс. Отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болу керек»- деген Халыққа арнаған жолдауында айтылғандай, бүгінгі таңда халық игілігі үшін тер төгіп жүрген, ең алғашқы қызметін құрылысшылықтан бастап Астананың жаңа құрылуы кезіндегі саланың өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, кейін келе 24 жылдан бері Алматы аудандық әкімшілігінде нәтижелі жұмыс атқарып жүрген әлеуметтік сала бөлімінің басшысы С.Бекенова, әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы А.Меңдібаева, Алматы ауданы әкімінің орынбасарлары Р.Аблазимов, М.Қожекенов, сондай-ақ А.Айдынұлы, А.Ғабитұлы, Г.Шанабаева, Н.Абдраимов та марапатқа ие болды.
Бас қаламыздағы аудандардың ішінде халықтың ықыласына бөленіп, қала тіршілігі мен тынысына өз үндерін қосып, ерекше серпіліспен іске кірісіп, халықтың дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, көптеген іс-шараларды атқарып жүрген Алматы аудандық мен бірге жасалатын жұмыла жасайтын жұмыстарға сәттіліктер әкімшілігі жұмыстарды белсенді атқару тарапында алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Алдағы уақытта да «ЖАҢАРУ» РҚБ мен толағай табыстар тілейміз!
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі